1) Алматыма ұшамын, Астанадан, Барлық қала құшағын, ашқан маған. Атырау мен Ақтау, Өскемен мен Семей, Сағынышпен кел дегей... Павлодар мен Оралға асығамын, Қарағанды қараса, ашыламын. Көкшетау мен Тараз, Қызылорда қаласы. Бәрі-бәрі тамаша! Қайырмасы: Сүйікті әр қалам, Көркіңе таңданам. Ғашықпын бәріңе, Асығып мен барам. Сағынып жеткенде, құшақ аш сен маған... Сүйген қалам, келемін саған! 2) Шымкентім бар, Шым қалам буған белін, Түркістанмен нұрланам туған жерім. Ақтөбе мен Арқа, Жезқазғаным марқа, Ақындарым жырлаған. Петропавл, Қостанай, Талдықорған, Қазағыма лайық, барлық ордам. Жүздері бар жарқын, адамдары алтын, Қалаларды сүйем... Қайырмасы: Сүйікті әр қалам, Көркіңе таң қалам, Ғашықпын бәріңе, Асығып мен барам. Сағынып жеткенде, құшақ аш сен маған... Сүйген қалам, келемін саған! Сүйікті әр қалам, Көркіңе таңданам, Ғашықпын бәріңе, Асығып мен барам. Сағыныш жеткенде, құшақ аш сен маған... Сүйген қалам, келемін саған! Сүйікті әр қалам, Көркіңе таңданам, Ғашықпын бәріңе, Асығып мен барам. Сағынып жеткенде, құшақ аш сен маған... Сүйген қалам, келемін саған! Кайрат Нуртас - Суйген калам