Библиотека | Текст песни


 Искать в заголовках статей

Қуандық Рахым - Өлмейтіндер



Скачать песню Қуандық Рахым - Өлмейтіндер бесплатно в формате mp3.


Мұқағали арқалаған ауыр мұң
Шәмші қайда шам-шырағы әнімнің
Әуелеген ән таба алмай
Мәтінен мән таба алмай
Сағындым ғой мен сіздерді сағындым
Жыры қайда Тұманбаймен Қадірдің
Нұрғисалар жалауы еді жанымның
Есер әуен төрге шығып
Есті алғанда пендешілік
Сағындым ғой мен сіздерді сағындым


[Қайырмасы]
Өлмейтіндер өлді деуге келмейтіндер
Өлең болып өмірлерді тербейтіндер.
Өмірге екі келмейтіндер.
Өлмейтіндер өлді деуге келмейтіндер
Өлең болып өмірлерді тербейтіндер.
Өмірге екі келмейтіндер.


Фаризадай нұрын төккен ару күн
Роза апамыз бастау еді бал үнін
Арын шыққан ару көру
Аттарыңа зәру болып
Сағындым ғой мен сіздерді сағындым

Назы қайда Есенқұлдай нарымның
Сазы қайда Тұрсынғазы Табылдың
Көргенімде жансыз жанды
Атақ қуған арсыздарды
Сағындым ғой мен сіздерді сағындым


[Қайырмасы]
Өлмейтіндер өлді деуге келмейтіндер
Өлең болып өмірлерді тербейтіндер.
Өмірге екі келмейтіндер.


Өлмейтіндер өлді деуге келмейтіндер
Өлең болып өмірлерді тербейтіндер.
Өмірге екі келмейтіндер.
Өлең болып өмірлерді тербейтіндер.
Өмірге екі келмейтіндер.

Прочтений: 95